Ұңғымадағы геофизикалық зерттеулер
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Ұңғымадағы геофизикалық зерттеулер - бұрғылау ұңғымасы тесіп өткен қимаға тән таужыныстар мен пайдалы қазбалардың физикалық қасиеттерін зерттеу жиынтығы. Бұл зерттеулер әдетте үш түрлі мақсатты көздейді: 1) таужыныстардың, мұнай және газ қабаттарының, кендердің, көмірдің, басқа да пайдалы қазба түрлерінің физикалық сипаттарына тән айырмашылықтарды салыстыра зерттеу нәтижесінде ұңғыма қимасындағы кен қабаттарын оқшаулау, яғни каротаж жұмыстары; 2) бұрғылау ұңғымасының техникалық жағдайын анықтау; 3) тереңдіктерден үлгілер мен сынамалар алу.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>
Дереккөздер
<references/>