Ұқсастық реакциясы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ұқсастық реакциясы — иммунологиялық тест. Антигендердің ұқсастығын қос диффузия реакциясынан Оухтерлони жолымен анықтайды. Егер агар қатырған табақшада төрт ұя жасап оның ортаңғысына антиденесі бар қан сарысуын, ал үш бұрыштап орналасқан сыртқы үш ұяға зерттегелі отырған антигендердің ерітіндісін құйса, олардың арасында пайда болатын преципитация сызығы бір-бірімен әртүрлі қиылысады. Антигендердің серологиялық қасиеттерінде айырмашылық болмаса, сызықтар бір-біріне жалғаса, ұзара түседі, ал олар бір-бірін кесіп өткен жағдайда — антигендер өзара ұқсамайды. Кейде созылыңқы жалғасқан екі сызықтың біреуінде тармақтар пайда болса, бұл зерттеліп отырған екі антигеннің жартылай ұқсастығын және олардың құрамында ортақ детерминанттар бар екенін көрсетеді, ал тармақ жасауға қатынасқан антиген кұрамында тағы бір қосымша детерминант болуға тиіс.

<ref>Вирусология, иммунология, генетика, молекулалық биология. Орысша-қазақша сөздік. – Алматы, «Ана тілі» баспасы, 1993 жыл. ISBN 5-630-0283-X</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ұқсастық реакциясы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}