Ұялы шмальгаузения

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ұялы шмальгаузения (Schmalhausenia nuclulans) — күрделі гүлдер тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік. Іле Алатауында, Ұзынқара (Кетпен) жотасында кездеседі. Биіктігі 50 см-дей. Сабағы біреу, түбінде қураған жапырақтарының қара қоңыр қалдықтары бар. Жапырақтары ұзындау, қандауыр пішіндес, екі жағында сұр қалың түгі бар. Дегелек жапырақтары сағақты, қауырсын тәрізді екі рет тілімделген, ұшы тікенекті. Сабақ жапырақтары сағақсыз. Себеті ірі, қалың түкті, сабағының ұшындағы шоқпарбас гүлшоғырына жиналған. Олардың жапырақшалары қандауыр тәрізді, күлтелері қара қошқыл түсті. Шілде-тамызда гүлдеп, тамыз-қыркүйекте жеміс салады. Жемісі — қатпарлы, түксіз дөнек. Сирек кездесетіндіктен Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген.<ref>Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ұялы шмальгаузения|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}