Ұядан балапан алу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ұядан балапан алу - ең көп таралған әдіс. Оның түрі де көп. Бүркіт ұясын тау шоқысы, шағыл, сырғыма, құлама жартас, жыныс ормандардағы нар қарағайдың ұшар басы тәрізді адам аяғы оңай жете алмайтын қияға салады. Ұяға жел мен жауынға паналы ықтасын, қойнау текшелерін таңдап, ұяны ағаштың бүрі, жирен, жусан, бұта шөп-шалаңнан өреді. Осындай қиядағы ұядан балапан алу екінің бірінің қолынан келе бермейді.Ұядағы балапанға жетудің қолайлы жағын сараптап алған соң, жартастағы ұяға көбіне үстіңгі жағынан түседі. Бірнеше қайыс арқандарды қабаттап жалғап алып, бір ұшын қағылған қазыққа байлап, екінші ұшын ұяға түсетін адамның беліне байлайды (байлап түсіру). Адам еңіске сырғығанда айналып, үйіріліп кетпес үшін, беліне көлденең бақан байлайды. Құз қиыр болса бір қанат кереге алып, оның бас-аяғына ағаш таңып, ұяға түсуші адамды оның үстіне отырғызып, төмен сырғытады (бұл аспақтап түсіру деп аталады). Ұяға түсуші батыл, епті адам денесін тас, бұталардан сақтайтын ықшам киім, өзімен бірге балапанды бөлеп, құндақтайтын жабдықтарды ала жүреді. Жоғарыда тұрған адамдар оның беліндегі арқанның қозғалысын басқарса, етекте тұрғандар ұяның бағытын нұсқап, ұябасардың шабуылынан қорғайды. Ұяға түсуші төмен баяу сырғып ұяға жетіп, балапанды бөлеп алған соң, арқанмен кері қарай тартып алады. Арқан жететіндей ұзын болса сол күйі құздан төмен қарай сырғытып түсіреді. Желсіз, тымық күндері балапанды ұядан ұшырып үркітіп те алады. Балапан шалғы-құйрығы айқасып жетілген кезінде ұшуға бейімделіп, кергіп отырғаны байқалады. Сол кезде ұяның төңірегіндегі биік қарауыл жерлерге атты кісілер қойып, ұшқан балапанның қайда қонып, қайда түсетінін аңдиды. Ал ұяға жақындаған кісілер арқанға тулақ, елеген, тұлып сияқты сұстылау нәрселерді байлап алып, төбесінен салбыратып балапанға жеткенде салдыр-күлдір дауыс шығарып үркітеді. Жат нәрсені көріп шошыған балапан ұядан ұшып шыққанымен, ұшуға дағдыланбағандықтан бойын билей алмай ауытқып, толқып, қанаты талып төмендеп жерге түседі де, қайтып жуырда көтеріле алмай қалады. Аңдушы адамдар балапанды осы кезде ұстап алады. Ұядан алған балапан өте жас ақүрпек болса, сол маңдағы оңай бір орынға тастап кетеді немесе саусақтарынан жіп байлап «арқандап» қояды. Оны ұябасары сол отырған жерде асырап жетілдіреді. Торуылдап бақылап жүріп, кейін есейген кезінде алуға болады. Ұядан алған балапан «қолбала» аталады, әрі қолға оңай үйренеді.<ref>Саятшылық қазақтың дәстүрлі аңшылығы. - Алматы: "Алматыкітап", 2007. - 208 бет, суретті. Б. Хинаят, Қ.М. Исабеков. ISBN 9965-24-813-3</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}