Ұшқын сөндіру
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Ұшқын сөндіру — электртехникада ұшқынды разрядты тудыратын және индуктивтік тізбекті ажырату кезінде электр түйіспелерінде пайда болатын артық кернеуді азайту. Ұшқын сөндіру жүктемені не түйіспені резистордан (сызықтық немесе сызықтық емес) немесе резистор мен конденсатордан құралған арнаулы контурлармен шунттау арқылы орындалады. Контурдың кедергісі неғұрлым аз болса, ұшқын сөндіру соғұрлым әсерлі. Ұшқын сөндіру нәтижесінде түйіспелердің жұмыс мерзімін ұзартуға болады.
Сілтемелер
"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том