Ұшықтау

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ұшықтау — емдеу шарасы. Қазақтар арасында кең тараған. Ұшықтау жолымен ауруға шалдыққан адам мен малды емдеу жел мен судың “ғажайып“ қасиетіне сүйенген. Ұшықтаудың бірнеше түрлері бар (жалғызұшық, қазанұшық, жерұшық). Ғалымдардың пікірінше, ұшықтау бақсылықтың қалдығы. Бас айналып, жүректің айнуына немесе тоңып, дененің қызуы көтерілуіне байланысты ауруларды ұшыну деп түсініп, оған қолданылатын емді ұшықтау деп атаған. Ұшықтау кезінде ауруға тұз, күл сияқтылар қосылған суық не ыстық суды “ұшық-ұшық” деп дүркін-дүркін бүркеді. Кейде ұшынған ауруға тосыннан келіп су бүріккен. Шошынған адам төсін емдеуші алақанмен “ап, ап“ деп ұрып, жерге алақанын соғып “мен көтере алмасам, қара жер сен көтер“ деп үш рет қайталаған. Бұл жерде ұшықтаушы адамның “ұшқан сұқаны“ орнына түсіп, өзіне-өзі келеді деп сенген. Ұшықтау әлі күнге дейін қазақ халқының арасында кең тарауда.

Сілтемелер

"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}