Ұнатпаушылық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ұнатпаушылық — қандай да бір адамға немесе затқа жек көрушілік, ұнатпай қабылдамаушылық сияқты эмоциялық қатынас: адамның қандай да бір қасиетін, талғамын немесе дауысын және т.б. жақтырмау. Саналы немесе санасыз түрде болуы мүмкін. Басқа біреуді жек көрушілік сезім принципиалды, мысалы, дүниетанымдық келіспеушіліктен, сондай-ақ басқа адамдардың сыртқы әлпетін, мінез-құлық мәнерін, қылықтарын қабылдау негізінде де тууы мүмкін. Басқа адамның өмір кейпін түсіну, оның іс-әрекеті мен тұлғасының маңыздылығын білу ұнатпаушылықтың тууын болдырмауы мүмкін. Ұнатпаушылық ұнатушылыққа қарама-қарсы өзара түсіністік пен ынтымақтастық процесін қиындатады, ұжымдық өзара әрекеттестікке кері әсер етеді. Мысалы, әсіресе мұғалімнің ұнатпаушылық немесе симпатиясы оның іс-әрекетіне, талапшылдығына, оқушыларға объективтік қатынасына және олардың үлгерімін бағалауға ешбір әсер етпеуі қажет.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}