Ұлысбегі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ұлысбегі, Ұлыбек — Моғолстан мемлекетіндегі жоғарғы лауазым. Ұлысбегі мемлекетте ханнан кейінгі адам болған. Ішкі және сыртқы саясатта ханға ақыл-кеңес беріп отырған. Бахр әл-Асрар шығармасында Моғолстанда мемлекет басқаруға ханға дулат тайпасының әмірлерінен тағайындалатын Ұлысбегі көмектесіп отырғандығы жазылған. Моғолстанда хандардың және мемлекеттің бірден-бір тірегі әрі ұйтқысы ұзақ уақыт бойы дулат тайпасы мен оның көсемдері болды. Елге сіңірген қызметтеріне орай Моғолстанның шағатайлық хандары бастапқыда дулат билеушілеріне жеті “артықшылықтар” берсе, кейін Тоғылық Темір мен Қызыр Қожа хандар тұсында олардың саны он екіге жеткен. Дулат билеушілері Моғол ұлысының әмірі саналған. Ұлысбегі мансабы ұрпақтан ұрпаққа өтіп отырды. Хан жарлығы ханның және Ұлысбегінің мөрлерімен бекітілді. Ұлысбегі мөрі хан мөрінен төмен тұрған.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, IX том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}