Ұлттың рухани өмірі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ұлттың рухани өмірі - ұлттық (этностық) қоғамдастықтың тіршілік қарекеті мен өзін-өзі көрсетуінің ерекше нысаны, оның өмір сүруінің экономикалық және жаратылыстық-тарихи негіздерін бейнелейді. Өз дамуының әрбір кезеңінде ұлт алдыңғы ұрпақтан жинақ- таған рухани материалға сүйеніп, зиялы қауымның және тұтастай бүкіл халықтың шығармашылық күш-жігері мен белсенділігінің арқасында рухани құндылықтарды мәлайтады. Ұлттың рухани өмірі оны білдіру нысандары — әдебиет, өнер және тағы басқа — неғүрлым әр алуан болса, соғүрлым бай, мазмұнды болады. Адамдардың қарым-қатынасы мен тұрмыс жағдайларының ең күрделі иірімдерін білдіру қабілеті ерен тіл орасан зор рөл атқарады. Діндарлықтың дәрежесін есепке алушылық жиі кездеседі, алайда өздігінен алғанда атеизмнің Ұлттың рухани өмірін кедейлендірмейтіні сияқты, діндарлық та оны өздігінен байыта қоймайды. Ұлттың рухани өмірі әлеуметтік езгі, қоғамдағы текетірестер, аяқ астынан жау іздеу салдарынан және мейлінше идеологияландырылған, әсіресе, ұлтшылдық, шовинизм ықпалынан сиықсыз болып шығатыны кездеседі. Ұлттық қатынастарды адамгершілік және демократия негізінде дамыту — қоғамның рухани салауаттылығының қажетті шарты. Киев Русі ыдырағаннан кейін бірнеше ұлысқа бөлінді. Капитализмнің дамуына орай ертетаптық ұлыстардың біразы ұлт болып дамыды, қалғандары басым этностардың әр түрлі деңгейде ассимиляциялауына ұшырады.<ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Физика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д,, профессор Е. Арын – Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2006. ISBN 9965-808-88-0</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ұлттың рухани өмірі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}