Ұлттық мәселе
Ұлттық мәселе - кең мағынасында - ұлттың және басқа да этноәлеуметтік қауымдастықтардың пайда болуы, әрекет етуі, дамуы жөніндегі мәселе; тар мағынасында - езгідегі халықтарды азат ету, олардың өзін-өзі басқаруындағы егемендігі, халықтар тендігін жаулап алу, оларды артта қалушылығынан арылту, еркін әрі жан-жақты дамуына жағдай туғызу, олардың арасында шынайы демократизм мен гуманизм, қазіргі өркениет талаптарына сай келетін қарым-қатынас орнату мәселелері.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.
ISBN 9965-32-491-3</ref>
Ұлттық мәселе - ұлттар арасындағы қақтығыстар туралы, оларды бейбіт өмір сүру жағдайында шешу әдістері мен формалары туралы мәселе.<ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. - 569 б. ISBN 9965-808-89-9</ref>
Дереккөздер
<references/>