Ұлттық ақпараттық технологиялар
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» Акционерлік Қоғамы - электрондық үкіметтің базалық құрамдастарын және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құру, енгізу және пайдалану жөніндегі жұмыстарға бастамашылық етуден аяқтауға дейін АТ-жобаларды басқару жөніндегі қызметтер көрсетеді.
«Қазақстан Республикасында бірыңғай ақпараттық кеңістікті дамыту және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» жабық акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 4 сәуірдегі № 492 қаулысымен сәйкес құрылды. Қоғамға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 16 қаңтардағы № 44 қаулысымен ақпараттандыру саласындағы Ұлттық оператор мәртебесі берілді. «KZ жоғарғы деңгейлі домен тіркеушісі ретінде «ҰАТ» АҚ аккредиттеу туралы» Қазақстан АТ-компаниялар қауымдастығының 2012 жылғы 6 қаңтардағы №01-01-12-А бұйрығына сәйкес «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ .KZ және .ҚАЗ жоғары деңгейлі домен тіркеушісі ретінде аккредиттеленеді. Сонымен қатар «ҰАТ» АҚ-на GOV.KZ және EDU.KZ аумағындағы домендік атауларды ресми тіркеу және қолдау көрсетуді жүзеге асыру құқығы берілді.
Мазмұны
Жобалар
- «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының бірыңғай электрондық пошталық жүйесі
- Электрондық оқыту жүйесі
- «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесі
- «Электрондық үкіметтің» өңірлік шлюзі
- «Электрондық үкімет» порталы
- Мемлекеттік органдардың интранет-порталы
- «Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі» ақпараттық жүйе
- Халыққа қызмет көрсету орталықтары үшін Ықпалдастырылған ақпараттық жүйе
- Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйе
- «Электрондық үкімет» төлем шлюзі
- «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйе
- Серверлік орталық (Дата-центр)
Тарихы
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы 2000 жылғы 3 шілдеде құрылды.
«ҰАТ» АҚ құрылған кезеңінен бастап электрондық үкіметтің базалық компоненттерінжәне мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құру, енгізу және пайдалану жөніндегі жұмыстарды бастамалаудан аяқтағанға дейін АТ-жобаларды басқару жөніндегі қызметтерді көрсетеді.
2008 жылдан бастап «Ұлттық ақпараттық технологиялар» ационерлік қоғамы «Зерде» Ұлттық инфокоммуникациялық холдингінің еншілес компаниясы болып табылады.
Компанияның басшылығы
- Еңсебаев Руслан Сәтбекұлы - Басқарма Төрағасы
- Кожахметов Бахтияр Дюсенбайұлы - Басқарма төрағасының сәулет жөніндегі орынбасары
- Исмағамбетов Талғат Омарханұлы - Басқарма төрағасының жобаларды басқару жөніндегі орынбасары
- Чернооков Виктор Григорьевич - Басқарма төрағасының аймақтық қызмет көрсету жөніндегі орынбасары
- Байбәкіров Серікжан Қайроллаұлы - Басқарма төрағасының қаржы және әкімшілік-шаруашылық қызметі жөніндегі орынбасары
- Легкая Любовь Николаевна - Қаржы директоры – Бас бухгалтер
- Молдабекова Асель Тулахбаевна - Клиенттік қызмет көрсету жөніндегі басқарушы директор
Компанияның құрылымы
Директорлар кеңесінің құрамы
- Бикеш Қайдарқызы - «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Директорлар кеңесінің төрайымы
- Қорғанбекова Зарема Ерланқызы
- Салдарова Гүлжанат Нұрайдарқызы
- Еңсебаев Руслан Сәтбекұлы
- Құсайынов Асқар Маратұлы
- Дүйсенев Абай Симбайұлы
- Аюпов Мірболат Хайратұлы
- Мухаметқалиев Даниял Асқарұлы