Ұзақбаева Сақыпжамал Асқарқызы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Ұзақбаева Сақыпжамал Асқарқызы (16.10.1949 ж.т., Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қ.) – педагогика ғылымының докторы (1993), профессор (1994) ҚР Педагогика ғылым академиясының академигі (1996). Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын (1972, қазіргі Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университеті) бітірген соң осы институтта оқытушы (1972–76), аға оқытушы, доцент (1981–86), ҚазПИ-де стажер (1976–78, қазіргі ҚазҰПУ), аспирант (1978–81), доцент, профессор (19862001), Қазақ ұлттық өнер академиясының оқу және оқу-әдістемелік істер жөніндегі проректоры (2001–07); 2007 жылдан Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде профессор қызметтерін атқарады. «Қазақтың халықтық педагогикасындағы эстетикалық тәрбие» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 80-нен астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 3 монографияның авторы. <ref>Қазақстан ұлттық энциклопедиясы</ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub