Үш Көкше

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үш Көкше - Мойынқұмның шөбі шүйгін, шаруаға аса қолайлы болып келетін ортаңғы бөлігі, құм. Мойынқұмның құмы жал-жал болып келсе, "Үш Көкшенің" (Жуантөбе - Бас Көкше, Тасты - Орта Көкше, Шу - Аяқ Көкше) құмы - ойдым-ойдым қазаншұңқыр болған. Шөбі шүйгін болған. "Үш Көкшенің" бір шұңқыры бір ауылдың қысына азық деген қанатты сөз бар. Тарихи декректерге қарағанда "Үш Көкшенің" шүйгін жайылымы алғашқы Қазақ хандығының қысқы қонысы болып, отау көтерген қасиетті орыны екен. Осы құмды орталық етіп "Көкшеқұм" болысы құрылған. Ол Қоңырат тайпасының Маңғытай, Саңғыл руларының адамдарынан құралған. <ref>С.Тәбірізұлы. Созақ өңірі. Дәуір баспасы, 2007 ж. ISBN 9965-749-84-1</ref>

Дереккөздер

<references/>