Үшқан

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үшқан – су көзі. Атырау облысы Жылыой ауданындағы Майкөмген т. ж. айрығының солтүстігінде 10 км жерде орналасқан. Құм іргесінен жарып шығып жатқан бірнеше бұлақ сорға құяды. Су көзінің солтүстігінде Тасшеңгемді төбесі жатыр. Үшқан осы төбе басындағы мола аты. Ел аузында «кезінде мұнда үлкен үш соғыс болып, көп қан төгілген» делінеді. Атау содан қалған дейді. Ертеде биік басында қамал болған, қазір оның орны ғана қалған. Үшқан ежелгі тоғыз жол торабы. Жібек жолының бір тармағы, одан бергідегі ОрынборХиуа жолы, қазақтардың жайлау – қыстауаралық көш жолы осы жерді басып өтеді. Қазіргі Үшқан ескерткіштердің ашық аспан астындағы галереясы іспеттес. Мұнда әсіресе құлпытастардың өзге жерлерде сирек ұшырасатын үлгілері өте көп кездеседі.<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Үшқан|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}