Үштікенді қарамала

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox

Үштікенді қарамала (Үлгі:Lang-la) - бұршақ тұқымдасы қарамала туысына жататын ағаш.

Ботаникалық сипаты

Сурет:Gleditsia triacanthos Slavetin.JPG
Үштікенді қарамала ағашының жалпы көрінісі (Чехия)
  • Биіктігі 40 м-ге жетеді.
  • Сабақтарының және бұтақтарының қабығы қоңыр, тікенектері бар, олар жиі тармақталған, ұзындығы 7 см-ге дейін.
  • Жапырақтары жай қауырсынды (10-24 жұп жапырақшалары бар), ұзынша қандауыр тәрізді, ұзындығы 1,5-4 мм-дей, жиектері тегіс немесе аздап ойықталған, қондырмалы.
  • Майда гүлдері дара жынысты, жасыл түсті. Гүл тостағаншасы қоңырау тәрізді, күлтелері тостағаншасымен бірдей. Мамыр-маусым айларында гүлдеп, тамыз-қыркүйекте тұқым салады.
  • Жемісі - бұршаққын. Оның ұзындығы 20-40 см, ені 2,5-4 см, пішіні жіңішке ұзынша және иілген ирек, қара қоңыр түсті.
  • Тұқымы ұзынша, қоңыр түсті, қатты. Оны жеуге болады.

Өсетін жері мен таралуы

Отаны Солтүстік Американың орталық бөлігі. Негізінен тропиктік және субтропиктік белдеулерде өседі. Қазақстанда Алматы, Тараз, Шымкент, Түркістан демалыс саябақтарында, қаланы көркейтуде әсемдік үшін өсіріледі. Америкада бұршағын сыра тәрізді сусын дайындауға қолданады. <ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref>

Дереккөздер

<references/>