Үштаған (Маңғыстау облысы)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Елді мекен-Қазақстан Үлгі:Мағына

ҮштағанМаңғыстау облысы, Маңғыстау ауданындағы ауыл, Ақтөбе ауылдық округі орталығы.

Географиялық орналасуы

Аудан орталығы - Шетпе ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 65 км жерде, Бостанқұмының солтүстік-батыс етегіндегі жазықта орналасқан<ref name="source1">"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том</ref>.

Тарихы

Іргесі 1969 ж. ұжымшар негізінде ұйымдастырылған қаракөл қой кеңшарының орталығы есебінде қаланған. 1996 жылдан кейін кеңшардың таратылуына байланысты оның негізінде Үштағанда және округтегі Жарма, Сазды ауылдарында бірнеше шаруа қожалықтары құрылды<ref name="source1"></ref>.

Халқы

Тұрғыны:

Инфрақұрылымы

Үштағанға Сауысқан темір жолы айырмасынан тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету үшін ұзын 30 км су құбыры тартылған. Үштаған арқылы ШетпеЖаңаөзен автомобиль жолы өтеді<ref name="source1"></ref>.

Тарихи ескерткіштер

Округ аумағында Масат әулие қорымы сақталған<ref name="source1"></ref>.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Kz-geo-stub Үлгі:Маңғыстау ауданы елді мекендері