Үшбөкенбай бітімі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үшбөкенбай бітімі1838 ж. 24 маусымда беріш руының батыры әрі биі Исатай Тайманұлы төрелік етіп, кесім шығарған жиын. Мұнда ол 6 жыл бойы жауласып, нақақтан қан төккен адай және кете руларын татуластырып, шапқыншылықты доғаратын билік айтты. Адайларға ежелгі қоныстары — Қарақұмды қайтарып берді. Есесіне адайлар қолынан қаза тапқан Сарман бастаған билердің әрқайсысын елшілік жоралғысына байланысты 5 адамға балап, кетелер қолынан өлген қарсы жақтың 15 ерін құнсыз қалдырды. Исатайдың шешіміне ешкім дау айта алмай, дауласушы тараптар бір-біріне өкпе-реніштерін кешіп, табысты. Осы жиын туралы Орынбор генерал-губернаторына хабарлаған казак-орыс атаманы, генерал-майор Покатилов (24.6. 1838) пен Баймағамбет сұлтан Айшуақовтың (30.6. 1838) ақпарларында Үшбөкенбай бітіміне Кіші жүздің үш тайпа бірлестігінің игі жақсылары — Қайыпқали сұлтан, назар Жүсіп Құланұлы, шекті Есет Көтібарұлы, адай Шабай батыр, Мәмбетнияз мырза, кете Құдайберген, т.б. келгендігі айтылады. Үшбөкенбай бітімінен кейін Исатай Кіші жүздің төре биі, көшелі шешені, әлімұлы, байұлы және жетіру бірлестіктерінің көсемі ретінде халыққа танылды. <ref>«Маңғыстау»энциклопедиясы, Алматы, 1997; </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Үшбөкенбай бітімі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}