Үшбұлақ ескерткіші

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үшбұлақпалеолиттік ескерткіш. Жамбыл облысы Қаратау қаласынан солтүстік-батысқа қарай 36 км жерде. 1958 ж. Қазақстан Ғылым Академиясы Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтының Қаратау палеолит отряды (жетек. Х.Алпысбаев) тапқан. Бұл жерден байырғы аңшылардың қысқа мерзімді 6 ескерткіші анықталған. Ең ежелгі замандарға жататыны Үшбұлақ-6 ескерткіші. Ол бұлақ басынан 3 м биіктікте. Табылған заттар арасындағы 3 үшкір тас Үшбұлақты мустье дәуіріне жатқызуға мүмкіндік берді. Олар мөлдір, сұрғылт сұр тығыз шақпақ тас сынығынан дайындалған.

Сілтемелер

"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том


{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}