Үшарал халық театры

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үшарал халық театры Д.Рақышев атындағы мәдени мекеме. 1968 жылы Қазақстанның халық артисі, әнші Д.Ракышев негізін қалаған. Осы жылы "халық театры" атағын алды. Үшарал халық театры 1972 жылы драматург Ә.Әбішевтің "Белгісіз батыр" спектаклімен республика байқауға қатысып, 2-дәрежелі дипломмен марапатталды.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref> 1981 жылы драматург Т.Ахтановтың шығармасын өнер сахнасына шығарып, республика байқаудың лауреаты атанды. 1994 жылы Шымкент қаласында өткен аймақтық-республикалық байқауға драматург С.Адамбековтың "Алтын табақтағы жылан" спектаклімен қатысып, бас жүлдені жеңіп алды. Үшарал халық театрының құрылғанына 25 жыл толуына байланысты оған Д.Рақышев есімі берілді.<ref>Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}