Үшарал мешіті (Жамбыл облысы)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үшарал мешіті — сәулет өнері ескерткіші. Жамбыл облысы Талас ауданынндағы Yшарал ауданында орналасқан. 20 ғасырдың бас кезіндегі көп күмбезді мешіт үлгісінде халық шебері Ислам ұста салған. 1948 ж. Қазақстан Министрлігі Кеңесі жанындағы Архитектура істері жөніндегі ресублика басқарма қызметкерлері мен 1977 ж. Қазақ КСР-і Мәдениет министрлігінің “Қазақ жобалау-қалпына келтіру” институтының экспедициясы зерттеді. Күйдірілген кірпіштен соғылған мешіттің пішіні төрт бұрышты, ауданы 12,5×10,2 м, биіктігі 3,5 м. Мешіт басты үлкен бөлмеден және сыртқа шығатын есіктері бар 2 қосалқы бөлмеден тұрады. Басты бөлменің барабаны күмбезделіп бітеді. Қосалқы бөлмелер және олармен 3 жағынан ұштасып жатқан ашық галереялар төрт бұрышты бағана-пилондарға орнатылған желкендер арқылы күмбездермен (саны 9) жабылған. Үшарал мешіт 1982 ж. республика маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізілді.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref> <ref>Қазақ Энциклопедиясы|«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}