Үстірт үңгірлері

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Тексерілмеген мақала Үстірт үңгірлері- тау жыныстарының суда еруі салдарынан пайда болған Үстірттегі үңгірлер.Үстірттегі үңгірлер көбіне ойпат шұңқырларда болған, кейде үстірт кемерлерінде, сай, жыра беткейлерінде кездеседі. Үстірттегі көп үңгірлердің біразы ғана зерттелген. Бұлардың ішіндегі ең үлкендері: Балаұйық және Өтебай үңгірлері.

Балаұйық үңгірі

Балаұйық зиратының оңтүстік-шығысында 2,5 км жерде орналасқан. кіре беріс аузының ені 1,4 м, биіктігі 5 м, ұзындығы 40-80 м, ені 4-6 м, төменге қарай түйетайлы еңіс 40-70° келетін сенек тәрізді қуыста 28,75 және 129 м тереңдікте ұзындығы 15-20, ені 8-10 м, биіктігі 6-15 м 3 кең үңгір бар. Соңғы үңгірде ұзындығы 20 м, ені 10 м, тереңдігі 4 м суы суық мөлдір көл бар.

Өтебай үңгірі

Өтебай зиратының оңтүстігінде 1,6 км жерде су шайған шұңқырдың солтүстік шығыс және оңтүстік батыс тік жарбағында. Ұзындығы 57, ені 30, тереңдігі орта кезінде 10 м. Оңтүстік батыс үңгірдің кіре беріс аузының ені 35, биіктігі 14,5; тар қуыс 225 м-ден кейін тұйықталып бітеді. Солтүстік шығыс үңгірдің кіре беріс аузының ені 38, биіктігі түйетайлы еңкіс 30-45°, қуыс 56 м тереңдікте жайпақ жазыққа айналып,40 м-ден кейін тұйыққа айналады.Үңгір қабырғаларында жарық, саңлаудан кіретін жауын шашын суынан көлшіктер пацйда болып, суы бірте бірте көлшік түбіндегі жарықтардан төменге сіңеді. Бұл үңгірлер плиоцин дәуірінде пайда бола бастаған, әлі де қалыптасуда, сондықтан қорғауға алуды қажет етеді.

Дереккөздер

<ref>Қазақ ССР қысқаша энциклопедиялық-2 том-Қазақ Совет энциклопедиясының бас редакциясы-Алматы,1987-</ref>