Үсен Шәуенұлы Шабантегі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Шабантегі Үсен Шәуенұлы (1887, қазіргі Жамбыл облысы Шу ауданы — 17.4.1989, сонда, Жиенбет ауылы) — халық емшісі, көріпкел, әулие.

Ұлы жүз ішіндегі дулаттың шымыр тармағынан шыққан. Әкесі Шәуен ел ішінде палуандығымен, суырып салма ақындығымен белгілі болған. Анасы Қыздарбек емшілікпен айналысқан. Шабантегі атбегілігімен, көріпкелдігімен, үлкен сынықшы, емшілігімен аты шықты. Тамыр ұстап, түрлі шөптерден дәрі-дәрмек жасаған, көріпкел құмалақшы болған. Мал арасындағы небір ауруларды да емдеген. Ел арасындағы әңгімелерге қарағанда 1932—33 жылдардағы ашаршылықты алдын ала болжап, ауылдастарын аман алып қалған. Оған қоса күйші әрі суырып салма ақындығы да болған. Шабантегінің сынықшылығы ұлдары Серікбай мен Әлпиге, қыздары Жұмай мен Айдынға қонған. Зиратының басына күмбезді кесене тұрғызылып, оған ел барып зиярат етеді. <ref>"Қазақ Энциклопедиясы", 18 том</ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Үсен Шәуенұлы Шабантегі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}