Үсенов Жандос Жолдасұлы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үсенов Жандос Жолдасұлы (21.2.1960 ж. т., Қызылорда облысы Арал қаласы) — дойбыдан Қазақстандағы халықаралық дәрежедегі тұңғыш төреші (2000), халықаралық дәрежедегі спорт шебері (2004), Қазақстанға еңб. сің. жаттықтырушы (1994), шахматтан ұлттық дәрежедегі төреші (2001). Орынбор қаласының (1984) және Қазақстан кәсіподақтары спартакиадасының чемпионы (1987). Оңтүстік Қазақстан облысынның 15 дүркін жеңімпазы. Халықараралық дойбы федерациясының вице-президенті (2003). 2004 және 2006 жылғы әлем чемпионы атағы үшін болған матчтардың бас төрешісі. 2003 — 2006 жылдар аралығында халықаралық дойбы федерациясының (ФМЖД) таңдаулы 10 төрешісінің қатарына енген. Дойбыдан 34 Қазақстан чемпионын және 12 спорт шеберін тәрбиелеген.

Сілтемелер

"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том

Үлгі:Суретсіз мақала

Үлгі:Wikify