Үлкен айналым

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлкен айналым - ылғалдың ауа ағындарының күшімен мұхиттардың үстінен құрлықтарға тасымалдануы және оның құрлықтардың бетіне жауын-шашын ретінде түсіп, мұхиттар мен теңіздерге жер беті немесе жер асты жолымен қайта оралу процесі. Су буының мұхит бетінен келген кішігірім бөлігі құрлықтың тұйық аймақтарына жауын-шашын түрінде түседі және қайтып оралмайды, яғни үлкен айналымға қатыспайды. Судың жеке түрлерінің тасымалдану көлемі мен жылдамдығы біркелкі емес. Ғаламшардың көлемінде, әдетте, ылғал айналымының мынадай типтері қарастырылады: жер мен ғарыш арасындағы, атмосфера мен мұхитаралық, атмосфера, топырақ және биосферааралық. Ылғал айналымының барлық типтері тұйықталмаған болып келеді. Ылғалдылық, атмосфералық жауын-шашын және булану құрлықішілік ылғал айналымының негізгі элементтері болып табылады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Үлкен айналым|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}