Үлкен Нефуд шөлі

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлкен Нефуд шөліАрабия түбегінің солтүстігінде, Сауд Арабиясындағы құмды алқап. Ауданы 670 мың км². Ұзындығы 500 км-ден астам, ені 300 км-дей. Биіктігі 600 — 1000 м болатын үстірт үстінде жекеленген бұйраттар түрінде орналасқан. Шағыл және қырқалы құмның ірі массивтері, тасты беттер — хамадтар таралған. Құрғақ арналар көптеп кездеседі. Жусанды-эфемерлі өсімдіктер сирек өскен. Көшпелі мал ш. (қой, түйе) дамыған.

Сілтемелер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том

Үлгі:Суретсіз мақала