Үлкен Аралтөбе
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлкен Аралтөбе — арал. Алакөл көлінің орта бөлігінде, Алматы (Алакөл ауданы) және Шығыс Қазақстан (Үржар ауданы) облыстарының шекарасында орналасқан. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 8 — 9 км-ге созылып жатыр, ені 5,7 км. Ауданы 26,5 км², абс. биіктігі 439 м. Жер бедері негізінен жазық. Палеозой, орта девон, жоғары карбондық тау жыныстарының үстін борпылдақ шөгінділер жапқан. Шөлге тән өсімдіктер өседі. Үлкен Аралтөбенің оңт.-шығысында 1,5 км жерде Кішкене Аралтөбе аралы жатыр.<ref>Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3</ref>
Дереккөздер
<references/>