Үлкен Алматы мұздығы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мұздық

Үлкен Алматы мұздығыІле Алатауының солтүстік беткейіндегі мұздық. Үлкен Алматы өзенінің бастауында, Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 15 км жерде. Мұздықты 1916 жылы өлкетанушы В.Д. Городецкий ашқан.

Аумағы

Бұл алапта 49 мұздық бар. Олардың жалпы ауданы 39,5 км2, ашық тілі 15,5 км2. Мұздық алабындағы биік шың — Жас гвардия шыңы (4400 м). Мұздықтың орташа мұзқар сызығы 3830 м, ол төменде 3600 м биіктікте бітеді. Мұздықтан төмен жатқан моренаның жалпы аумағы 8,0 км2, соңғы жылдарда мұздықтың ауданы қысқаруда. Жыл сайын Үлкен Алматы өзеніне 30,0 млн м3 су береді. <ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер