Үкіметаралық халықаралық ұйымдар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үкіметаралық халықаралық ұйымдар - мемлекеттер тобының өзара келісімімен құрылады.

Бұл ұйымдардың шеңберінде мүше-мемлекеттердің өзара қарым-қатынасы орнайды және мемлекеттің ресми сыртқы саясатының шеңберінде жүргізіледі. II дүниежүзілік соғыстан кейін үкіметаралық ұйымдардың беделі артып, саны да көбейді. Егер XX ғасырдың басында олар отыз шақты ғана болса, соңында 254 ұйым тіркелген. Халықаралық үкіметаралық ұйымдардың әртүрлі жіктелуі бар. Анағұрлым кең таралғаны - геосаяси белгісі және қызмет бағыты бойынша жіктеу. Геосаяси белгілері бойынша: әмбебап (БҰҰ); аймақаралық (Ислам конференциясы ұйымы); аймақтық (ЕҚЫҰ), субаймақтық (Бенилюкс) ұйымдар анықталған. Қызмет бағыты бойынша: жалпы мақсатты (БҰҰ); экономикалық (ДСҰ); әскери-саяси (САШҰ); қаржылық (ХВҚ); ғылыми-техникалық (Атомдық энергия бойынша халықаралық агенттік); құқыққорғаушылық ("Интерпол") және тағы басқалар.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}