Үй-жай шаруашылығының (коммуналдық) ағындары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үй-жай шаруашылығының (коммуналдық) ағындары - қалалар мен басқа да елді мекендердің ластағыш заттектері көп ағындылары. Үй-жай шаруашылығы ағындыларының құрамында зәрнәжісті сулардан басқа да едәуір мөлшерде зиянды қоспалар бар, олар тұрмыста химиялық заттарды пайдаланудан, тамақ өнеркәсібінің кәсіпорындарынан, қоғамдық тамақтану орындарынан, сауда орындарынан келіп түседі. Үй-жай шаруашылығы ағындыларында ауру қоздырушы микробтар мен вирустардың және гельменттердің жұмыртқаларының болуы бұл суларды аса қауіпті етеді. Үй-жай ағындылары біркелкі құйылмайтындығымен ерекшеленеді, сонысымен қоса канализация құбырла- рының жұмысын қиындатады. Елді мекендер жауын-шашын мен қар еру кездерінде көшелер мен кәсіпорындардың аулаларынан ағатын лас сулармен су көздерін қосымша былғайды. Оларда мұнай шикізатары және басқа да арнайы ластаушылар болады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Үй-жай шаруашылығының (коммуналдық) ағындары|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}