Үйреншікті зейін

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үйреншікті зейінзейіннің ерекше түрі; қажетті әрі құнды болып саналатын объектіге адам санасының шоғырлануы. Ол қызығу негізінде қалыптасады. Үйреншікті зейін ырықты зейіннен дамып қалыптасады. Бірақ бұл нәрсенің қасиетіне емес, адамның тіршілік мақсатына, мүдделі әрекетіне байланысты. Зейіннің қай түрі болсын, іс-әрекеттен нәтиже шығаруға бағытталады. Егер адам жұмысты өздігінен беріліп істесе, ырықсыз зейіні көрінеді. Бірақ ұзақ жұмысты тікелей қызығып істей беру де оңай емес. Мұндай жағдайда ырықты зейінге орын беріледі. Адамдар жұмыс істегенде зейіннің ырықты және ырықсыз түрлерін қарастыра отырып, үйреншікті зейін жұмылдыруды әдетке айналдыруы қажет.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}