Ң

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Қазақ әліпбиі (кирил)

Ң, ң — кириллицаға негізделген әліпби әрпі.

Тіл артының жұмсақ таңдайға нық тиюінен жасалатын мұрын жолды дауыссыз дыбысты белгілейтін әріп. Ол дауыс қатысына қарай үнді, жасалу орнына қарай тіл арты, жасалу тәсіліне қарай шұғыл дауыссыздар тобына жатады. Сөз басында кездеспейді, ал сөздің ортасы (жаңа, кеңес) мен сөздің соңында (таң, желең) кездесе береді <ref> Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 5 том</ref> <ref>Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ., Қазіргі қазақ тілі. Лексика. Фонетика, А., 1962</ref>.

Басқа тілдердің әліпбилерінде қолдануы

Әліпби IPA
қазақ әліпбиі 19 ŋ
татар әліпбиі 18 ŋ
башқұрт әліпбиі 19 ŋ
қалмық әліпбиі 19 ŋ
қырғыз әліпбиі 16 ŋ
дунган әліпбиі 18 ŋ
тува әліпбиі 16 ŋ
хакасс әліпбиі 18 ŋ
түркмен әліпбиі 17 ŋ
якут әліпбиі 18 ŋ


Дереккөздер

<references/> Үлгі:Commons