Құтлұғ Қаған Жазуы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Құтлұғ Қаған Жазуы - Моңғолияның Орхон өзені бойындағы көне заманғы жазба ескерткіш. Түркологиялық әдебиеттерде табылған орнына қарай Онгин ескерткіші деп те аталады. Жазу түрік қағандығын орнатып, 692 жылы қайтыс болған Құтлүғ қағанға арналған. 12 негізгі және 4 қосымша жолдан тұрады. Құтлұғ Қаған Жазуын тапқан Н.Я. Ядринцев (1891), тұңғыш аудармасын жасап, баспаға жариялаған В.В. Радлов. Бұдан кейін аударғандар: Х.Н. Оркун, С.Е. Малов, Г.Глаузон. Жазуда Құтлұғтың, Білге қағанның және Күлтегіннің әр түрлі жорықтары баяндалады. Тұңғыш түркі қағандығын орнаткан Бумын қаған жөнінде кейбір деректер кездеседі: "Ата-бабамыз" Бумын қаған дүниенің төрт бұрышын қысты, жиды, оны кеңітті, басты. Ол хан жоқ болғаннан кейін ел жігіті, жан-жаққа қашып тарады" (Оншн 1 жазуы). Мұнда орхон ескерткіштерінде кездеспейтін кейбір таңбалар ұшырасатындықтан, В.В. Радлов Құтлұғ Қаған Жазуын орхон және енисей ескерткіштері аралығындағы жазуға жатқызады.<ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}