Құс тұмсығы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Eagle beak sideview A.jpg
Бүркіт тұмсығы

Құс тұмсығы - жоғарғы және төменгі жақ сүйектердің ұзарып өсуінен пайда болған мүше.

Сыртқы мүйіз қабықпен қапталған. Өмір бойы өсетін мүйіз қабық үнемі мүжіліп тозады және белгілі маусымда түлеп түседі (құр). Құс ұрығы тұмсығының үстіңгі жағында өткір өсінді пайда болады да, балапан жұмыртқаны осы өсінді көмегімен жарып шығады. Құс тұмсығының пішіні, мөлшері құстың тіршілік жағдайына байланысты (жемін ұстауға, жеуге, ін қазуға, ағаш тесуге, кеміруге, ұя салуға, қауырсынын тазартуға т.б.) әр қилы болады. Жыртқыш құстар тұмсығы мықты, шомбал және өткір, ал ағаш қабығы астындағы жәндіктермен қоректенетін құстар тұмсығы ұзын, өткір келеді. <ref> Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974ж., 5 том </ref>

Дереккөздер

<references/>