Құсман Мұсағалиұлы Сауанаев
1956 жылы 8 шілдеде Ақтөбе облысы Қобда ауданы Ортас кентінде туған. Қазақ.
Әкесі - Сауанаев Мұсағали Қазиханұлы, марқұм. Анасы - Сауанаева Алтыншаш Қанапияқызы, марқұм.
Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтының жекпе-жек факультетін бітірген (1983), оқытушы-жаттықтырушы.
2004 жылдан бері - күрестен ҚР құрамасының оқытушы-жаттықтырушысы.
Еркін күрестен Азия Чемпионатының жүлдегері Мәмбетов Мұратты; еркін күрестен жасөспірімдер арасында өткен Әлем чемпионатының жүлдегері Шамсудинов Элдарды; еркін күрестен жастар арасында өткен Азия чемпионатының, Әлем чемпионатының жүлдегері Оразғалиев Бауыржанды; еркін күрестен әскери қызметкерлер арасында өткен Азия Чемпионатының, Әлем чемпионатының жүлдегері Османов Сейфудинді тәрбиелеген.
Үздік жаттықтырушы (2003, 2004). Күрестен ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы.
Әскери атағы - запастағы сержант.
Хоббиі - туған өлкеде серуен құру.
Сүйіп оқитын әдебиеті - поэзия.
Үйленген. Жұбайы - Сауанаева Мәрия Нұрмұханқызы, үй шаруасымен айналысады. Ұлы - Сауанаев Бекжан Құсманұлы (1988 жылы туған), күрестен ҚР қола жүлдегері.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалықаласы Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
<references/>