Құсайынов Қасымхан Құдайбергенұлы
Құсайынов Қасымхан Құдайбергенұлы (1946 жылы туған, Зеренді ауданы Қошқарбай ауылы) – ғалым, экономика ғылымдарының докторы, профессор (2005). Қазақ ауыл шаруашылығы институтын бітірген (1968). 1970 – 77 жылдары Рузаев ауданы Уәлиханов кеңшарында бас экономисі облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы және Агроөнеркәсіп комитеті бастығының орынбасары, 1992 жылы Көкшетау облыстық жер қатынастары комитеті төрағасының 1-орынбасары, 1993 – 97 жылдары облыстың экономика басқармасының басшысы және облыс әкімш. бастығының орынбасары қызметтерін атқарған. Мәскеудегі басшы кадрлар даярлайтын Жоғары мектепті. 1997 жылдан ғылыми- педагогикалық қызметке ауысты. Құсайынов 65 ғылыми мақаланың, 1 монографияның, 3 оқулықтың авторы. Диссертациялық кеңестің мүшесі. «Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен марапатталған.
Дереккөздер</span>
«Ақмола облысы» энциклопедиясы