Құсайынов Дәуренбек Өмірбекұлы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Құсайынов Дәуренбек Өмірбекұлы <ref name="source1">“Қазақ Энциклопедиясы”</ref>(24.1.1958 ж.т., Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Қараағаш а.) – философия ғылым докторы (2008). ҚазМУ-ды (1986, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. ҚазМУ-да оқытушы, аға оқытушы (1986–96), ҚазҰПУ-да доцент, декан (1997–2004), осы ун-т жанындағы лицей-колледжі директорының орынбасары, «Қазіргі заман: пікірлер әлемі» филос. альманахы бас редакторының орынбасары (2004) қызметтерін атқарды. Негізгі ғыл. еңбектері қазақ философиясының тарихы, философия антропология, мәдениет философиясына арналған. «Қазақ демократиялық интеллигенциясы дүниетанымының мәдени философиялық мәні мен маңызы» деген тақырыпта доктор диссертация қорғады. 50-ден астам ғыл. жарияланымның, оның ішінде «Ж.Аймауытовтың мұрасындағы адам және қоғам мәселелері» атты монографияның авторы.

Дереккөздер</span>

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub