Құртқа Сұлтанқожаұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Құртқа Сұлтанқожаұлы (1770 (кей деректе 1771 т.ж.)- 1906) - Жетісу және көршілес қырғыз еліне аты кең тараған халық емшісі <ref>ҚҰРТҚА ТӘУIП:[ҚҰРТҚА СҰЛТАНҚОЖАҰЛЫ ТУРАЛЫ] : [Тәуiп Құртқа Сұлтанқожаұлы туралы.] / Көкеев Т. . // Ақ жол. - 2003. - № 29шiлде. - C. 5.</ref> <ref>Көкеев, Т. Қ. Үш ғасырда өмір сүрген Құртқа тәуіп кім? [Текст] / сұхбаттасқан Е.Сағат // Дала мен қала. - 2006. - 20 қазан (№38-40). - С. 18, ББК 53.59, Рубрики: Емдеудің жеке жүйелері. Халық медицинасы.</ref>

Шығу тегі

Ұлы жүз Шапырашты тайпасы Шыбыл руының Байыс деген атасынан.

Өмірі

Құртқа араб-парсыша оқыған. Ол ауыр науқастарды емдеп жазып, күрделі операциялар жасай білген. Түрлі шөптерден дәрі жасай алған. Қазақ-қоқан соғыстарында жара болғандарды емдеп, операция жасап, сүйектегі оқты алған. Құртқа өте ұзақ жасап, 136 жыл өмір сүрген.<ref> Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974ж., 5 том </ref>

Дереккөздер

<references/>