Құрсақбай Чакилов
Чакилов Құрсақбай<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;</ref> (1922, Форт-Шевченко қаласы – 1970, Жаңаөзен қаласы) – соғыс ардагері, педагог. Түрікменстанда педагогикалық училищені бітірген (1940). Еңбек жолын Екінші бесжылдық ұжымшарында мұғалімдіктен бастады. 1941 ж. Кеңес Армиясының қатарына алынып, Саратов қаласындағы артиллерия училищеде оқыған. 1942 – 47 ж. әскер қатарында болды. Соғыстан кейін Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданында, 1956 жылдан Форт-Шевченкода мұғалім болады. 1957 жылдан ауданы «Колхоз жолы» газетінде бөлім меңгерушісі қызметін атқарды. Қызыл жұлдыз, 1-дәрежелі Отан соғысы, 3-дәрежелі Богдан Хмелницкий ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталған.<ref>«Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002; </ref>
Дереккөздер
<references/>