Құрмаш Қосжанұлы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Құрмаш Қосжанұлы(1880, Адай уезі – 1930) – халық батыры.
- 1927 жылы қыста Қарашағыр жерінде Қосжанұлының жүйрік атына қызыққан кеңестік белсенді Жұмағали Қойлыбаев қарулы жасағымен бейбіт көшке оқ атады. Бір оқ Қосжанұлының бесіктегі 3 жасар баласына тиеді. 3 серігі тұтқындалады. Қосжанұлы арызданып теңдік ала алмаған соң Құныскерей Қожахметов тобына қосылады.
- 1929 жылы 16 сәуірде үстірт маңында қызыләскерлер Қосжанұлының ауылына шабуыл жасап, 6 адамды өлтіріп, 15 отбасын үйелменімен тұтқындайды.
- 1929 жылы 8 шілдеде Нақышбай құдығы маңында 2 адамды өлтіріп, 30 мың сомның мал-мүлкін тәркілейді. Кейіннен қолға түскен 19 баланы Қарақалпақстандағы балалар үйіне тапсырады. Қосжанұлы қызыләскермен атыста қазаға ұшыраған.
- 1929 жылы 17 желтоқсанда ОГПУ үкімімен Қосжанұлының 43 серігі айдалады. 20-сы атылды, қалғандары әр түрлі мерзімге сотталды.
Қосжанұлының қозғалысы:
- 1931 жылғы Адай көтерілісінің басы деген тарихта бағасын алған.
- 1994 жылы Қосжанұлының басына жерлестері күмбез тұрғызды.<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;</ref>
Дереккөздер
<references/>