Құрмалдық
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Құрмалдық — ғұрып түрі. Қазақ халқының ежелгі наным-сенімі бойынша адам қатты науқастанып, ауыр халде жатқанда құрмалдық шалатын болған. Құрмалдыққа аталған малды науқастың қасына әкеліп, мойнына арқан орап, ауру жанның амандығы жолында құрмалдық қыламын деген ниет білдіреді. Сыртқы сипаты жағынан ислам дініндегі құрбан айт кезінде құрбандық шалу дәстүрімен ұқсас келетін құрмалдық ғұрпының кейбір ерекшеліктері қазақ қоғамында әлі күнге дейін сақталып келеді.<ref name="source1">Қазақ ұлттық энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>