Құрбақа-балықтар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Құрбақа-балықтар, батрахотәрізді от рядының теңіз балықтары тұқымдасы. Дене ұзындығы 20-57 см денесі жалаңаш немесе өте ұсақ қабыршақпен қапталған, басы жайпақ, бірінші арқа жүзбеқанаты қысқа. 10 тустың 40 түрі белгілі. Олар барлық мұхиттардың тропикалық және қоңыржай, жылы суларында таралған. Кейде өзен арнасына көтеріледі. Көбнесе су жиегіндегі лайсаңды мекендейді. Қорегі, ұлулар мен шаян тәрізділер. Пішіні мен қасиеті өзгерген торсылдақ арқылы әртүрлі, (сықырлауық, ысқырық, егіңгірлек) дыбыстар шығарады. Кейбір түрлерінің арқа жүзбеқанаттарының түбінде улы бездері болады.<ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған профессор Е. Арын – Павлодар: 2007 - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Biosci-stub