Құрбан Қасымұлы Тохтамов
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Құрбан Қасымұлы Тохтамов (5.5.1932, Алматы облысы Жаркент ауданы Садыр ауылы - 1988) - жазушы, филологиялық ғылымдарының кандидаты Ташкенттегі Орта Азия мемлекеттік университетін бітірген (1957). Республикалық "Коммунизм туғи" газетінде, ҚазҰПУ-да қызмет істеген. Тіл білімі институтында бөлім меңгерушісі болған. Бірнеше әңгіме, повесть жинақтардың авторы. Сондай-ақ, әдеби-сын саласында еңбек еткен. 1977 ж. орыс тілінде повесі жарық көрген. Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің грамотасымен марапатталған.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6</ref>
Шығармалары:
- Қарапайым адамдар. Повесть пен әңгімелер. А., 1962;
- Сұлтан. Повесть.А., 1967;
- Менің достарым. Әңгімелер.А., 1968;
- Дихандар. Повесть. А., 1971-ұйғырша; 1977-орысша. 1984 - қазақша;
- Творчестволық ізденіс. Әдеби сын. А., 1975.
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Stub:Қазақ әдебиеті Үлгі:Wikify