Құралай Серікханқызы Сарқытбаева

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сарқытбаева Құралай Серікханқызы (2.2.1975 жылы туған, қазіргі Алматы облысы Талдықорған қаласы) – балет артисі, ҚР-інің еңбек сіңірген қайраткері (2002). 1993 жылы Алматы қаласындағы хореографиялық училищені (педагогтары С.А. Наурызбаева, Т.З. Мәлімбекова, Р.А. Қойгелдінова) бітірген; сол жылы Қазақтың мемлекеттік академиялық опера және балет театры құрамына қабылданған. Осы театр сахнасында қойылған классикалық және осы заманғы балет спектакльдерінде жетекші рөлдерді орындады. Билеген елеулі партиялары қатарында Шырын (А.Д. Меликов, “Махаббат туралы аңыз”), Одетта, Одиллия, Аврора, Маша (П.И. Чайковский, “Аққу көлі”, “Ұйқыдағы ару” мен “Шаттауық”) т.б. бар. Сондай-ақ С. Левенсхольдтың “Сильфида”, Ж.Бизе – Р.К. Щедриннің “Кармен”, А.И. Хачатурянның “Спартак”, Чайковскийдің “Серенада”, Ф.Шопеннің “Шопениана”, Л.Ф. Минкустың “Дон Кихот”, А.Л. Рыбниковтың “Юнона мен Авось” қойылымдарында концерттік би нөмірлерін билеген. Мәскеу қаласындағы Үлкен театрда қойылған (1996) және Өзбекстанда өткен “Башори” халықаралық фестивалінде (2007,Ташкент қаласы) Чайковскийдің “Аққу көлі”; “Қырғызстан” халықаралық фестивалінде А.Аданның “Жизель” (2007, Бішкек қаласы) балеттеріне қатысқан. Гастрольдік сапармен Қазақстан (Павлодар, Өскемен, Қарағанды, т.б.), Ресей (Мәскеу, Санкт-Петербург, 1996; Орынбор, 1997; Тверь, 2002; Екатаринбург, 2004) және Украина (Киев, 1999) қалаларында, сонымен бірге Түркия (1998), Германия(1998),Мысыр,Үндістан, Қытай (2000) елдерінде болған.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том</ref><ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/> <references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Құралай Серікханқызы Сарқытбаева|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} Үлгі:Bio-stub