Құныпия Қожахметұлы Алпысбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Құныпия Қожахметұлы Алпысбаев (4.8.1949 , ҚХР, Баяндай ауылы) – филология ғылымдарының докторы (2000), профессор (2001). ҚазМУ-ды (1974, қазіргі ҚазҰУ) бітірді. ҚазМУ кәсіподақ комитеті төрағасының (1974–1975), дайындық бөлімі деканының орынбасары (1987–1989), сырттай оқытатын филология факультетінің деканы (1993–1994) қызметтерін атқарды. 1996 жылдан ҚазҰУ-да кафедра меңгерушісі. 1999 жылы «Қазақ әдебиетіндегі тарихи шығарма: таным мен көркемдік» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 100-ден аса ғылыми-зерттеу еңбегі, отандық және шет ел баспаларында (Түркия, Қытай) 15 кітабы мен кітапшалары жарық көрген.<ref>"Қазақ энциклопедиясы"</ref> Көптеген сын-зерттеу мақалалары жарияланған. Оның бірқатары шетелдерде (Түркияда, Қытайда) басылған.

Шығармалары:

С. Сейфуллин, Б. Майлин, I.Жансүгіров творчестволары бойынша методикалық нұсқау. А., 1985; Қазіргі қазақ лирикалық поэмасы. Оқу құралы. А., 1989; Қазақ әдебиеті. Көмекші оқу құралы. А., 1992; Поэма және сюжет. А., 1992; Көркем шығарманы талдау жолдары. А., 1995; Мұхтар Әуезов шығармашыл ығын дағы өнер мен өнерпаз тұлғасы. А., 1997; Тарих және жазушы. А., 1998; Беу, туған жер. А., 1999; Тарихи шығарма: таным және көркемдік. 1999; Мүқағали өрнегі. 2001; Қазақ аудармасының теориясы мен тәжірибесі. А., 2001; Қазақ әдебиеті. - Күйтің: Іле халық баспасы (ҚХР, ШҰАР), 2002; Қазақ әдебиеті. Оқулық. А., 2002; Көркем мәтінді талдау әдістері. А., 2004; Қазақ әдебиеті. Әдістемелік нұсқау А., 2003; Қазақ әдебиеті. Оқулық. А., 2006; Қазақ әдебиеті. Әдістемелік нұсқау. А., 2006; Поэзия парасаты. А., 2006; Ой орамдары. А., 2006; Қазақ әдебиетіндегі тарихи шығарма: таным және көркемдік. А., 2008; Қазақ әдебиеті. Он екі жылдық мектептің қазақ тілінде оқитын алтыншы сыныбына арналған байқау оқулығы. А., 2008; Қазақ әдебиеті. Он екі жылдық мектептің орыс тілінде оқитын алтыншы сыныбына арналған байқау оқулығы. А., 2008; Қазақ әдебиеті. Он екі жылдық мектептің қазақ тілінде оқитын алтыншы сыныбына арналған байқау оқулығы бойынша әдістемелік нұсқау. А., 2008; Қазақ әдебиеті. Он екі жылдық мектеп-тің орыс тілінде оқитын алтыншы сыныбы на арналған байқау оқулығы бойынша әдістемелік нұсқау. А., 2008.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса — Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}