Құнанбай қажы мешіті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мешіт Құнанбай қажы мешіті Қарқаралы қаласында орналасқан, ағаштан қиып салылған діни ғимарат. Құрылысы 1850 ж. басталып, 1851 ж. салынып біткен. Мешіт салу жөнінде 1847 ж. 16 болыс басшылары қол қойған, аға сұлтан Құсбек Тәукеұлы мөр басқан мешіт салу туралы қағаз дуанға тапсырылған. Мешіт жанынан медресе, шәкірттер үшін жатақ, молдалар үйі бой көтерді. Құнанбай қажы мешіті Қарқаралы округінде ислам дінін уағыздауға, балалардың хат танып, сауат ашуына көп қызмететкен. Құнанбай қажы мешіті өткен ғасырдың отызыншы жылдары ислам дінін қудалаған кеңестік идеологияның салдарынан жабылып, ғимарат тозып кеткен болатын. Арада алпыс жылдай уақыт өткен соң, тек тоқсаныншы жылдары Жоғарғы Кеңес депутаты Тайыр Мансұров (қазір Солтүстік Қазақстан облысының әкімі) және сол кездегі Қарқаралы ауданың басқарған Төлеубай Шахарбаев, Әбен Рахымжанов тәрізді азаматтардың аркасында кайтадан калпына келтірілді.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қарағанды облысы:Энциклопедия {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}