Құмшық ата мешіті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Құмшық ата мешіті — 10-12 ғасырларда салынған жер асты археологиялық ескерткіш. Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесінен оңтүстікке қарай 1 км-ге жуық жерде, ашық далада орналасқан. Сопылардың діни рәсімдер өткізуіне арналған. Құмшық Ата мешіті екі бөлмелі, ұзынша келген (10 м-ге жуық) ені тар дәлізді, шыға берісінде есігі бар үңгір құрылыс. Шаршы шикі кірпіштерден қаланған. Түкпірдегі мекен-жай көлемі 2х2 м-ге жуық, биіктігі 1,6 м, төбесі шатырлы күмбезбен көмкерілген. Оған іргелес диаметрі 2,5 м және биіктігі 2 м-дей дөңгелек пошымды үй күмбезделіп жабылған. Дәлізі иірлі келген, негізгі құрылыс күйдірілген кірпіштен қаланған, күмбезбен көмкерілген. Төбенің орта деңгейінен құдық тәріздес, диаметрі 1 м-дей, дәлізге жарық түсетін ойық жасалған. Жер асты мешітке кіретін есік қирап қалғандықтан, баспалдақтың сатылары анықталмаған.Мешіт пен дәліздің қабырғасы шаршы пішінді күйдірілген кірпіштен өрілген. Бөлме қабырғаларында шырағдан қоюға арналған шағын қуыстар бар. Құрылыстың ішкі құрылымы сыланбаған. Жер асты мешіті 10 - 12 ғасырларда өмір сүрген әулие Құмшық Ата атымен байланысты айтылады. Зерттеулер Құмшык Ата мешіті 12 ғасырдан бастап халық жиналып, діни уағыздар рәсімі өтетін орын болғанын растайды. Құмшық Ата мешітін 1973-1974 ж. Қазақ КСР мәдениет министрі мен Ғылым Академиясының Тарих, археология және этнография институтының экспедициясы (жетек. Т.Н. Сенигова) зерттеді. 1985 ж. жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2003 ж. Құмшық Ата мешіті қалпына келтіріліп, мемлекет қарауына алынған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}