Құмиян

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Құмиян - 12 - 13 ғасырларда сақталған қала орны. Қала Келінтөбенің оңтүстік-батыс жағында 30 км жерде, Сырдарияның құрғап қалған арнасынан 3 - 4 км қашықтықта орналасқан. Құмиян тік төртбұрышты қамал қала. Көлемі 210x180 м, қорғанның кейбір сақталған биіктігі 5 -6 м. Дуалының ені 3 - 3,5 м. онтүстік жағындағы екі бұрышында мұнараның құлаған орны 2,5 м төбе болып жатыр. Қорғанның құрылыс жүйесіне қарағанда төрт жағында бес-бестен мұнара болған. Мұнаралардың арасы 35 м. Қақпасы оңтүстік-шығысында. Қорғанның сыртында айналдыра ені 8 м, тереңдігі 1,5-2 м ор бар. Құмиянның ортасында көлемі 45x45 м цитаделі сақталған. Алайда екеуінің ішінде ешбір құрылыстың ізі байқалмайды. Дегенмен солтүстік-батыс жағындағы бұрышта шағын ғана төбенің орны байқалады. Соған қарағанда шаһристан ішінде құрылыс жүйелері болған деген ой тудырады. Қала үстінен теріп алынған қыш ыдыстардың ернеуінде жапсырылған жиектері, су тасуға арналған құмыралардың тұтқалары әсем жасалған. Ас ішуге қажетті ыдыстардың түптері дөңгелек. Олардың көпшілігінде ақ ангобаның үстінен көк, қоңыр сырмен өрнектер жүргізілген. Ыдыстардың сырлары Отырар қаласының он бірінші мәдени қабатынан алынған ыдыстарға ұқсас.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}