Құлмамбет Жамансарыұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography Құлмамбет Жамансарыұлы (шамамен 1818 - 20, қазіргі Атырау облысы Жылыой ауданы аймағында, - шамамен 1888 - 90, сол жерде) - ақын. Жиырма жасынан айтысқа түскен. Жетісу елінің Марабай бастаған бір топ ақынымен, Әлім әйелімен айтысқан.

Жолаушылап кеткен Құлмамбет бұл тойға қатыса алмайды. Үлкен қыздың той бастарын Қашаған акын, ортаншы және кіші қыздың той бастарын Бала Ораз бен Қоспақ ақын толғайды. Бала Ораз таз руының Жастабан, Қоспақ таз руының Келдібай арысынан шыққан Құлмамбеттің өз туыстары екен. Жолсапардан келуін күтпеген Жиенбет болысқа, сондай-ақ Бала Ораз бен Қоспаққа өкпелеген Құлмамбет бір тойда Бала Оразға кездесіп, айтыс басталып кеткен. Айтыс 1878 жылы Мүқыр деген жерде болған. Құлмамбет сөздері өктем, қисынды, айбынды, өткір. Бала Ораз аға ақын алдында ізет көрсетіп, оны қадір тұта сөйлеген. Айтыс өрши берсе, ел арасына жік түсетінін сезген Қоспақ екі ақынға да тоқтау айтып, елді татулыққа үндейді. Айтыс мәтіні "Ақберен" (1972) жинағында жарияланған.<ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}