Құлжанов Нұрғали

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Құлжанов Нұрғали (1869/70, Торғай уезі – 1919, Семей) – мәдениет қайраткері.<ref name="source1">“Қазақ Энциклопедиясы”, VI-том</ref> Орынбордағы оқытушылар мектебін бітірген. 1905 жылдан Семей қаласындағы Мұғалімдер семинариясында ұстаздық еткен. 1906 жылы 1 қаңтарда 3 дәрежелі Әулие Станислав орденімен марапатталған. 1908 жылы Батыс Сібір география қоғамы Семей бөлімшесіне мүшелікке қабылдаған. Бөлімшенің тексеру комиссиясының құрамында болып, өлке тарихына қатысты ежелгі тарихи, музыка, фольклорлық мұраларды бөлімше мұражайына жинақтап тапсырған. 1914 жылы Абайдың қайтыс болғанына он жыл толуына арнап Н.Құлжановамен бірге әдеби кеш ұйымдастырды. “Қазақ”, “Бірлік туы”, “Үш жүз” газеттерінде мақалалары жарияланып тұрды. 1919 жылы Колчак жендеттерінің қолынан қаза тапты.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер</span>

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала