Құланды
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Құланды<ref name="source1">“Қазақ Энциклопедиясы”, VI-том</ref> – Арал теңізінің солтүстігіндегі түбек. Кезінде (1980 жылға дейін) теңізге 60 км-ге жуық сұғына кіріп жатқан. Абсалютті биіктігі 129 метр. Жағасы онша тілімделмеген, оңтүстігі ғана жарлауытты (15 – 20 м). Батысында Чернышев, солтүстік-шығысында Тұщыбас шығанақтары орналасқан. Түбек палеогеннің әктас, мергель жыныстарынан түзілген. Жусан, баялыш, сексеуіл, жүзгін, т.б. шөлейттік өсімдіктер өседі. Шығысында қайнар бұлақтар, тұзды көлдер бар. Қоңыр көмір шығындылары кездеседі. Арал теңізінің тартылуына байланысты Құланды аралы жағалаумен бірігіп, пішіні өзгеріп кетті.<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;</ref>
Дереккөздер
<references/>